×
$
447.52
€
502.21
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.52
€
502.21
₽
5.41

Қазақстанның 12 өңірінде қар жауады: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

Бүгін, 11:05
Қазақстанның 12 өңірінде қар жауады: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады
Pixabay.com

11 қарашада Қазақстанның 12 өңірінде қар аралас жаңбыр және қар жауады. Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көріну қашықтығы нашарлауы мүмкін. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ескертіп, жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай өңірлерде қолайсыз ауа райы болады?

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жауын-шашын болады.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы нашарлап, жолдың беті тайғақ болуы мүмкін.

Осыған байланысты жүргізушілерге көліктер арасындағы қашықтықты сақтап, жол жағдайына қарай жылдамдықты төмендету және күрт маневр жасамау ұсынылады.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Сізге қызық болуы мүмкін