×
$
447.52
€
502.21
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.52
€
502.21
₽
5.41

ҚазҰУ студентінің өліміне қатысты университет неге үнсіз

Бүгін, 14:00
ҚазҰУ студентінің өліміне қатысты университет неге үнсіз
Ulysmedia.kz коллажы

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ulysmedia.kz тілшісінің журналистика факультетінің бірінші курсында оқыған студент қыздың қазасына байланысты ҚазҰУ төңірегіндегі жағдай туралы сұрағына жауап берді.

Бәрі үнсіз қалуға міндетті

Саясат Нұрбектің айтуынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, қазір министрлік те, университет те, оқиғаға куә болған өзге адамдар да қайғылы жағдайға қатысты пікір білдіруге құқылы емес.

– Сотқа дейін тергеу органдарының барлық әрекеті жария етілмеуге тиіс. БАҚ өкілдерінен де мұқият болуды шын жүректен сұраймыз. Қазір бұл жағдай кеңінен талқыланып жатыр, тергеу жүріп жатыр, әзірше ресми түсінік берілген жоқ. Процестік әрекеттер аяқталғанша, кез келген мәлімдеме мен оқиғаны түсіндіруде абай болуларыңызды сұраймыз, – деді Саясат Нұрбек.

Ректорат қандай шара қабылдады?

Министрдің сөзінше, ведомство жағдайды бақылауда ұстап, университет басшылығымен байланыс орнатқан.

– Қазір айта алатыным – біз бірден қыздың қамқоршыларымен хабарластық. Университет барлық шығынды өз мойнына алды, оның барлық төлемін қалпына келтірді. Қажет болған кез келген көмекті көрсетуге дайынбыз. Біз де оның әкесімен және қамқоршыларымен тікелей байланыстамыз, – деді министр.

Ол университет қажетті шараларды қабылдап, марқұмның жақындарына көңіл айтқанын да жеткізді.

Контекст

ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті 6 қарашада студенттер жатақханасында қайтыс болған. Өлімнің себебі мен мән-жайы әзірше жарияланған жоқ.

Ulysmedia.kz тілшісі жатақхана мен журналистика факультетінің аумағына барған кезде болашақ журналистерге қайғылы оқиғаны ешкіммен талқылауға тыйым салынғаны белгілі болды.

Сізге қызық болуы мүмкін