×
$
447.52
€
502.21
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.52
€
502.21
₽
5.41

"Қызылжар" клубының бұрынғы президентін енді ТМД елдерінен іздеп жатыр

Бүгін, 14:40
"Қызылжар" клубының бұрынғы президентін енді ТМД елдерінен іздеп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу салынды. Ол бюджет қаражатын жымқырды және 414 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

ҚМА мәліметінше, 2023 жылы клубқа жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген.

Тергеу нұсқасы бойынша, Лория бас бухгалтермен және өзге де адамдармен бірге жалған құжаттар рәсімдеп, ақшаны жеке шоттарға аударып отырған. Сондай-ақ есептерге жалған мәліметтер енгізілген. Салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы қоры мен клубтың жылдық кірісі төмендетіліп көрсетілген.

Бұған дейін

Еске салайық, 72 жастағы Лория 5 қарашада күдікті ретінде жауап алуға шақырылған. 7 қарашада Қазақстан аумағында іздеу салынды. Енді оны ТМД-ның басқа елдерінен де іздестіріп жатыр.

2026 жылғы ақпанда осы іс бойынша сот клубтың бұрынғы бухгалтері Ольга Замелацкаяны жеті жылға бас бостандығынан айырған. Сот одан клуб пайдасына 70 миллион теңге, мемлекеттік кірістер органдарының пайдасына 287 миллион теңге және мемлекет кірісіне 10,6 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарған.

Сізге қызық болуы мүмкін