×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Астанадағы сауда орталығына "мина қойған" адам іздестіріліп жатыр

29.03.2022, 17:35
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

29 наурыз түсте астанадағы "Сарыарқа" сауда орталығының жұмыс нөміріне белгісіз ер адам телефон соғып, 8 минуттан кейін жарылыс болатынын айтқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауда орталығының әкімшілігі дереу полиция шақырған. 

"Оқиға орнына шұғыл қызметтер аттанды. Тексеріс барысында жарылғыш және өзге де күмәнді заттар табылған жоқ", - деп мәлімдеді елорданың полиция департаменті.

Сауда орталығының ғимаратынан 350 адам эвакуацияланған.

Қазір бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша шығынды өтеумен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі таңда полиция бомба туралы хабарлаған адамды іздестіріп жатыр.