×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Өкіндім, кешірім сұрадым": Журналист Козачковқа тағылған айып саны қысқарды

20.02.2023, 16:12
"Өкіндім, кешірім сұрадым": Журналист Козачковқа тағылған айып саны қысқарды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстандық журналист Михаил Козачков тағылған айыптар саны қысқарды. Қазір ол үйқамақта отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мені бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұстады және екі айға жуық тергеу изоляторында болдым. Осы уақыт ішінде көптеген қызықты және жақсы адамдармен таныстым, өмірдің жаңа қырларын білдім деп айта аламын. 14-15 жылға сотталу қаупі төніп тұрған жігіттердің 11 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалған кезде қуанғанын көрдім. Ойыншықтарды ұрлады деген күдікпен ұсталған балалар үйінің тәрбиеленушісі қалай күйзелгенін көрдім: оның ісі бойынша залал 200 мың теңгеге дейін өсіп кеткен, ол мұндай ақшаны қайдан тапсын? Кісі өлтіргені үшін үкімін күтіп тұрған ауыр дертті адамды қандай сөздермен қолдау керегін білмей дал болдым. Бір сөзбен айтқанда, болашақ мақалаларыма өте көп материал жиналды",- деп жазды Козачков “Дневник Арестанта” Telegram арнасында.

Өткен сенбіде журналисті үйқамаққа ауыстырған болатын. Козачков процестің барлық егжей-тегжейін жарияламады, бірақ ол өзіне тағылған айыптар тізімі біршама қысқарғанын атап өтті.

"Өкінетінімді жеткізгеніме байланысты заңсыз жариялаған мемлекеттік құпияларды ашу ісі бойынша тергеу тоқтатылды. Сондай-ақ, тергеу барысында өз материалдарыма ақпарат жинап, мақалалар жариялау арқылы бірнеше рет заңдарды бұзғаным анықталды. Журналистік тергеулермен айналысып, үнемі жаңа ақпарат іздей отырып, басыңды қатерге тігесің. Бірнеше адамның жеке деректерін заңсыз жинап, таратып жібергенім белгілі болды. Мен қателескенімді түсінемін, кей кездері ақиқаттан алшақ кеттім және бұл үшін жауап беруге дайынмын", – деді журналист.

Козачков сонымен қатар өз жарияланымдарынан зардап шеккен адамдарға, соның ішінде Алмас, Ольга және Алтай Әбдіғаппаровтар, Зарина Ақшолакова және Әзім Абдуллаевтан кешірім сұрады.

Еске салайық, Қаржы мониторингі агенттігі Михаил Козачковты 2022 жылдың 18 желтоқсанында  ұстады.

Тергеу мәліметінше, Михаил Козачков Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген. Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланған.

Бұдан бұрын Жоғарғы сот төрағасы қызметін атқарған Сенат вице-спикері Жақып Асанов журналист Михаил Козачковтың қамауға алынуына қатысты пікір білдірген.