×
$
444.16
€
487.29
₽
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.16
€
487.29
₽
5.4

Магнус Карлсен Бибісара Асаубаевамен екінші рет ойнаудан бас тартты

Бүгін, 09:40
Магнус Карлсен Бибісара Асаубаевамен екінші рет ойнаудан бас тартты
Total Chess / Michal Walusza

Норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен Будапештте өтіп жатқан турнирде екінші күн қатарынан қазақстандық Бибісара Асаубаеваға қарсы партияға шықпады. Бұл жолы оның әрекетін басқа шахматшылар да қайталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

18 қарашада Total Chess World Championship Tour Pilot турнирінде жылдам классика форматындағы үш партия техникалық жеңіліспен аяқталды. Магнус Карлсен тағы да Бибісара Асаубаевамен ойнаудан бас тартты. Америкалық гроссмейстер Абхиманью Мишра үндістандық шахматшы Вайшали Рамешбабумен кездесуге шықпаса, мажарстандық Рихард Раппорт армениялық Айк Мартиросянға қарсы партияны ойнамады.

Үш жағдайда да қарсыластар арасындағы матчтардың жеңімпаздары соңғы партияларға дейін анықталып қойған. Тіпті жеңілген күннің өзінде матч нәтижесі өзгермейтін болғандықтан, шахматшылар тақта басына бармауды жөн көрген. Осылайша, Асаубаеваға, Вайшали мен Мартиросянға техникалық жеңіс берілді. Алайда бұл олардың матчтарының қорытынды нәтижесіне әсер еткен жоқ.

Карлсен бірінші болып бас тартты

Бұған дейін Ulysmedia.kz Магнус Карлсеннің Бибісарамен соңғы партияны ойнаудан бас тартып, оның мәні жоқ деп атағанын жазған болатын. Ол кезде норвегиялық шахматшының еншісінде 11,5 ұпай болса, қазақстандық спортшы 0,5 ұпай ғана жинаған. Сегіз ұпай берілетін жылдам классикадағы жеңістің өзі Асаубаеваға қарсыласынан басып озуға мүмкіндік бермейтін еді.

Бибісара норвегиялық шахматшыны тақта басында 15 минут күтті. Осыдан кейін төрешілер оған техникалық жеңіс берді.

Магнус рейтингіге әсер ететін, бірақ матч нәтижесін өзгертпейтін партияларды ойнаудың мәні жоқ екенін түсіндірді. Оның бұл әрекеті шахмат қауымдастығының сынына ұшырады. Халықаралық шахмат федерациясы бас директорының кеңесшісі Эмиль Сутовский мұндай әрекетті спорттық әдепке жат деп бағалады.

Сізге қызық болуы мүмкін