Синоптиктер Қазақстандағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
25 қараша, сәрсенбіде Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыстан келетін циклондар легі өтеді.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болады. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, жел күшейеді.
Алдағы тәулікте ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Тек оңтүстік-шығыста күн күрт жылынып, күздің соңына тән емес +15…+25 градусқа дейін көтеріледі.