×
$
458.28
€
501.45
₽
5.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.28
€
501.45
₽
5.59

Захарчук, Ташқынбаев, Бекбауов: «Халықтық құрылыс» бағдарламасын кімдер бақылайды

Бүгін, 10:20
Захарчук, Ташқынбаев, Бекбауов: «Халықтық құрылыс» бағдарламасын кімдер бақылайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті – бағдарлама аясындағы жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асырылуын бақылау, бюджеттік тәуекелдер мен бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.

Комиссия бағдарламаның жоспарлануы мен қаражаттың бөлінуінен бастап, нысандардың пайдалануға берілуіне дейінгі барлық кезеңді бақылауға алады. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құны мен заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою шараларын әзірлейді.

Мониторинг қорытындысы бойынша Қазақстан президентіне тоқсан сайын және жыл сайын есеп беріледі. Комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді.

Комиссия құрамына кімдер енді?

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлер мен бизнес өкілдері енді.

Комиссияны Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы басқарады. Оның орынбасары болып Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі белгіленді.

Комиссия құрамына, атап айтқанда, «Qazaqstan» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі Нұрбек Бекбауов, «24.kz» телеарнасының журналистері Вера Захарчук пен Риат Шони, журналист әрі «Другие места» YouTube жобасының авторы Ренат Ташқынбаев кірді. Сондай-ақ оның құрамында Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері және кәсіпкерлер бар.

«Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы, Комиссия төрағасы

Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Комиссия төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасының орынбасары

Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының төрағалары

Комиссия мүшелері:

  • Аймұрзина Айнұр Жеңісбекқызы – «Dos.co» жеке меншік қорының директоры;

  • Айтуғанов Қайрат Қапарұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;

  • Антоненко Андрей Иванович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, дипломатиялық қызмет ардагері;

  • Байрамуков Ислам Ильясович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы қарашайлар мен балқарлардың этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;

  • Баткеев Біржан Бақытбекұлы – «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

  • Бекбауов Нұрбек Серікұлы – «Qazaqstan» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі;

  • Беркімбаев Берік Серікұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі;

  • Годунова Наталья Николаевна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы;

  • Есімханов Сұңғат Қуатұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары;

  • Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы;

  • Захарчук Вера Николаевна – «24.kz» телеарнасындағы «Народная стройка» бағдарламасының журналисі;

  • Зенченко Геннадий Геннадьевич – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры;

  • Изюмников Владимир Николаевич – «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы» жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы;

  • Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

  • Каринова Шолпан Таңатқызы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі;

  • Ким Вера Александровна – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;

  • Күнәділов Төлеген Нығыметжанұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы;

  • Кучинская Юлия Владимировна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі;

  • Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы – журналист, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

  • Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі;

  • Қасымбаев Мейірхат Мейрамханұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі;

  • Қожаев Марат Шәдетханұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

  • Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері;

  • Манжанова Ирина Рихардовна – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі;

  • Мусин Манат Айтбайұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі;

  • Нұралдинов Олжас Елтайұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі;

  • Перепечина Ольга Валентиновна – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы;

  • Пономарёв Сергей Михайлович – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі;

  • Сағынов Замир Садықұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі;

  • Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі;

  • Ташқынбаев Ренат Фаритұлы – журналист, ақпарат шолушысы, YouTube арнасындағы «Другие места» жобасының авторы және жүргізушісі;

  • Үлжекова Нұргүл Төленқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының басшысы;

  • Шин Андрей Антонович – кәсіпкер, «Шин-Лайн» компаниялар тобының негізін қалаушы;

  • Шиповских Геннадий Геннадиевич – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі;

  • Шони Риат Жабайұлы – «24.kz» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі;

  • Шөжеева Азиза Тимурқызы – «GovTech & AI Foundation» қоғамдық қорының басшысы, «TechnoWomen Non-profit Organisation» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы;

  • Шөнеев Сәлімбай Егембердіұлы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестерді үйлестіру орталығының төрағасы;

  • Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы.

Сізге қызық болуы мүмкін