×
$
458.57
€
501.54
₽
5.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.57
€
501.54
₽
5.57

WADA басшысы Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтынынан айырылуына пікір білдірді

Бүгін, 18:37
WADA басшысы Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтынынан айырылуына пікір білдірді
ҚР ҰОК

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банькадан қазақстандық спортшы Ясмина Тоқсанбаеваның Азия ойындарындағы алтын медалінен айырылуына қатысты жағдайды түсіндіруді сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналист WADA басшысына қазақстандық жеңіл атлетке қатысты сұрақ қойды. Банька болған жағдайға өкініш білдіргенімен, бұл істің допингке қатысы жоқ екенін атап өтті.

– Шынымды айтсам, оның жағдайына қатты өкінемін. Алайда бұл жағдай допингке байланысты емес. Қазақстанға бұған дейінгі сапарым кезінде де маған осы мәселе бойынша сұрақ қойылғаны есімде. Бұл жерде оның үлкен мәселеге айналып, қоғамда кең резонанс тудырғанын білемін, – деді ол.

Баньканың айтуынша, WADA бұл іске қатысты пікір білдіре алмайды, себебі мәселе агенттіктің құзыретіне кірмейді. Қабылданған шешім халықаралық спорт федерациясының ережелерімен реттеледі.

– Өз тарапымнан бұл жағдайға түсінік бере алмаймын, өйткені оның WADA-ның допингке қарсы саясатына қатысы жоқ. Бұл мәселе халықаралық федерацияның құзыретіне жатады және оның өз ережелері мен рәсімдері бойынша реттеледі, – деп түсіндірді агенттік басшысы.

Не болды?

Еске салайық, 2026 жылғы 27 қыркүйекте Ясмина Тоқсанбаева Жапонияда өткен Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен бірінші болып мәреге жеткен еді. Алайда жарыстан кейін спортшының нәтижесі жойылды. Бұған оның аяқкиімі World Athletics ұйымының талаптарына сәйкес келмеуі себеп болған.

Спорттық басылымдардың мәліметінше, Ясмина ASICS Magic Speed 4 үлгісіндегі кроссовка киген. Бұл аяқкиімнің өкше тұсындағы табанының қалыңдығы шамамен 43,5 мм болған. Ал World Athletics белгілеген шекті мөлшер – 40 мм, яғни спортшының аяқкиімінің табаны рұқсат етілген деңгейден 3,5 мм-ге қалың болған.

Кейін Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы бұл шешімге шағым түсіруге ниетті екенін мәлімдеді. Мәселені қарау Спорттық арбитраж сотына (CAS) тапсырылды.

Сізге қызық болуы мүмкін