×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ҰҚШҰ бұрынғы бас хатшысының ұлы ұсталды

21.02.2023, 15:12
ҰҚШҰ бұрынғы бас хатшысының ұлы ұсталды
фото: ашық дереккөзден

ҰҚШҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Юрий Хачатуровтың ұлы, Армения Қарулы Күштерінің үшінші армия корпусының бұрынғы қолбасшысы Григорий Хачатуров ақша жылыстатты деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Интерфаксқа" сілтеме жасап.

Армения Бас прокуратурасының хабарлауынша, Хачатуров елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу департаментінде заңсыз жолмен сатып алынған аса ірі көлемдегі жылжымайтын мүлікті заңдастыру, ақша жылыстатуға байланысты қылмыстық істі тергеу барысында ұсталған.

Сотқа Хачатуровты қамауға алу туралы өтініш жіберілді.

Бұған дейін Армения Парламенті Республиканың Бас прокуроры Анна Вардапетянның "Армения" ірі оппозициялық фракциясының басшысы, республиканың бұрынғы Қорғаныс министрі Сейран Оханянға қылмыстық іс қозғау және депутаттық қол сұғылмаушылықтан айыру туралы өтінішін қанағаттандырған болатын.

Ол әскери бөлімдердің жерлерін заңсыз сатты деп айыпталуда. Бас прокурор Анна Вардапетян 2005 және 2009 жылдары Оханянның бұйрығымен Арарат облысындағы және Еревандағы жұмыс істемейтін әскери бөлімдердің бірқатар учаскелері жылжымайтын мүлікпен бірге заңсыз иеліктен шығарылғанын, кейіннен жер учаскелері қайта сатылғанын немесе банктерге салынғанын, ал алынған сома жымқырылғанын айтты.

Прокуратура дерегінше, 2005 жылы учаскелердің бірі 3-ші армия корпусының бұрынғы қолбасшысы, ҰҚШҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Юрий Хачатуровтың ұлы Григорий Хачатуровқа сатылған. Мемлекетке шамамен 5,9 млрд драм (14,9 млн доллар) көлемінде залал келтірілген.

Айта кетейік, ҰҚШҰ-ның қазіргі бас хатшысы – Иманғали Тасмағамбетов.