23 ақпан күні Алматы уақытымен 6 сағат 37 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі мәлім етті.
«Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 км қашықтықта Тәжікстан аумағында тіркелген. Энергетикалық класы - 16.0. Магнитудасы - 7.0 MPV. Бағыты ошағынан 37.52° с.е. 73.48° ш.б. жатыр, тереңдігі - 20 км. Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше де Алматының оңтүстік-шығысында магнитудасы 5,3 және 4,5 балл болатын екі жер сілкінісі тіркелген.