×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

РФ Бас прокуратурасы Қазақстанға Балушкинді беруден бас тартты

29.09.2021, 11:03
Коллаж: ulysmedia.kz

Ресейдің Бас прокуратурасы бұл жөнінде бүгін қаулы шығарды. Қаулыға сәйкес, Қазақстандағы елдегі ең бай кәсіпкерлердің бірі болған Анатолий Балушкин отанына «орала» қоймайтын секілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі Газета.ру сайтына сілтеме жасай отырып.

Газета.ру ақпарат көзі РФ бас прокуратурасының Балушкинге жазған хатының үзіндісін жариялады.

«Сіз Ресей Федерациясының азаматы болуыңызға байланысты РФ бас прокуратурасы «Ресей ІІМ БААО»-ға сізді РФ аумағында іздеуге жариялауды тоқтату туралы тиісті тапсырма берді», - делінген хаттың үзіндісінде.

Балушкинге «БИПЭК Авто» автокөлік холдингі акцияларының бақылау пакеті тиесілі. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан сот арқылы Балушкиннің Ресейдегі Lada дилерлік орталықтарын иеленуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарына кіретін «Азия Авто Қазақстан» АҚ Холдингінің тағы бір басшысы Анатолий Балушкинді салық органдары іздеп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Осыдан кейін Қаржы нарығын реттеу агеттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Балушкинге қатысты іс қозғады. Тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша жүргізілуде.

«Сот оны қамауға алу (сырттай) туралы бұлтартпау шарасын қабылдады. Анатолий Балушкинге іздеу жарияланды», - деген еді агенттіктің баспасөз қызметі.

Былтыр Балушкиннің басшылығындағы «Азия Авто Қазақстан» АҚ автокөлік концерні дағдарысқа тап болған еді. Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі зауытпен ынтымақтастықты тоқтатып, компания 10 жыл ішінде алған преференциялар мен жеңілдіктерді 405 млн доллар мөлшерінде қайтаруды талап еткен. Сарапшылардың пікірінше, Анатолий Балушкиннің байлығы 150 миллион доллардан асады.

Таяуда ғана, 23 қыркүйекте Өскеменде «Азия Авто Қазақстан» басшысы Антон Ненаховтың өліміне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеу «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары