×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

FlyArystan рейсінің кешігуі: Әуежайдағы жанжалға байланысты сот екі әйелге айыппұл салды

28.02.2023, 18:19
Ашық дереккөз

Астананың Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты FlyArystan әуе компаниясының кезекті рейсінің кешіктірілуіне байланысты туған әуежайдағы жанжал фактісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Еске салайық, 25 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында Астана-Шымкент рейсінің кешігіп отырғызылуын ұзақ күткеніне ашуланған екі әйел FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлеріне наразылығын білдірген болатын. Әуе тасымалдаушы қызметкерлеріне қатысты балағат, әдепсіз сөздер айтылып, бір қызметкер денсаулығына зиян келтірмейтін соққыға алған.

«Сот отырысында екі азамат та кінәларын толық мойындады, істеген істеріне өкінді» делінген сот хабарламасында.

Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде сот әйелдің бірінің асырауында баласының болуын таныды.

Осылайша, сот бір әйелге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (17 250 теңге), екіншісіне ұрып-соққаны үшін 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары