×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Түркиядағы зілзала: құрбандар саны 45 мыңнан асты

01.03.2023, 09:18
фото: ашық дереккөзден

Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 45 089 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісінен кейін 1 айға жуық уақыт өтсе де Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Елдің Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, қазіргі кезде апат аймағында 6 368 адам жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына 234 мыңнан астам тартылды. Олардың арасында AFAD қызметкері, полиция, әскерилер мен еріктілер бар. Хабарламаға сәйкес, қалпына келтіру жұмыстарына экскаваторлар, крандар, бульдозерлер, жүк көліктері, су тасушы машиналар, тіркемелерден тұратын 18 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Зілзаладан зардап шеккендер үшін 358 мыңнан астам шатыр тігілгені атап өтілді.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик ауданында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Мамандар аймақта жерасты дүмпулері тағы жарты жыл бойы жалғасады деп отыр. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділерді ашу жұмыстарына 88 елден 11 мың құтқарушы қатысты. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қазақстандық құтқарушылар да көмектесті.

Серіктес жаңалықтары