×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

7 қызметкері бар: Президенттің Оралдағы резиденциясына 100 млн теңге бөлінді

01.03.2023, 11:31
7 қызметкері бар: Президенттің Оралдағы резиденциясына 100 млн теңге бөлінді
фото: ашық дереккөзден

Президенттің Оралдағы жеті адам қызмет ететін резиденциясына 100 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Уральская неделя" басылымының жазуынша, резиденцияны ұстауға (коммуналдық қызметтер, абаттандыру, жөндеу, қорғау) 2020 жылы бюджеттен 88,9 млн теңге, 2021 жылы – 90,5 млн теңге, 2022 жылы – 98,7 млн теңге бөлінді.

БҚО әкімі аппаратының орынбасары Ерлан Амандықовтың ақпараты бойынша, баламалы нұсқалардың болмауына байланысты "Самал" шағын ауданында орналасқан президенттің резиденциясын қайта бейіндеу жоспарланбаған.

"Резиденцияны ұстауға барлық қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді, нысанда жеті адам жұмыс істейді", – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Басылым Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оралға бір-ақ рет – 2019 жылдың мамыр айында келгеніне назар аударады.

Естеріңізге сала кетейік, президент Тоқаев Ақтөбе, Қостанай, Ақтау, Тараз және Атырау қалаларындағы резиденцияларды балалардың қажеттіліктері үшін пайдалануға беруге туралы бұйрық берген болатын.