×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Мамай ісі: Демпартия жетекшісі прокурорды ауыстыруды талап етті

01.03.2023, 11:52
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бүгін тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамай ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отырыс Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының журналисі, куәгер Андрей Гришиннен жауап алудан басталды.

Жауап алу кезінде прокурор адвокат Балғабаеваның “қабілетсіздігін” алға тартты. Мемлекеттік айыптаушы жауап алу кезінде тіпті көше лексиконына көшті: "Әблязов пен Мамайдың “теркасы” жайлы сіз қайдан білесіз?».

Осыдан кейін Жанболат Мамай прокурор Еркін Баймағамбетовті ауыстыруды талап етті. Мамайдың пікірінше, прокурор өзін тым эмоционалды ұстайды әрі айыптауға басымдық береді.

Судья шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығып кетті.

Еске салайық, 2023 жылдың 26 қаңтарында саяси белсенді, тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайға Қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып қайта тағылды.

Бұдан бұрын Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы прокуратураның Мамайға мұндай айып тағуын негізсіз деп есептейтінін мәлімдеген.

10 ақпанда өткен сот отырысында Жанболат Мамайдың қорғаушысы судьяға сенімсіздік танытқан. Себебі, ол бұрын процесте бақылаушы болған адамдарды куә ретінде сұраудан бас тартты. Ал олардың арасында белгілі саясаткер Төлеген Жүкеев пен Демпартия бастамашыл тобының мүшесі Дәурен Достияров та бар. Олар өте маңызды мәлімет бере алатын куәгерлер. Себебі, дәл сол «Алматы Арена» маңында болған оқиғаларды бастан аяқ көзімен көрген, құлағымен естіген.

Серіктес жаңалықтары