×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы": Жанболат Мамайға ауыр бап қайта ілінді

26.01.2023, 17:35
әлеуметтік желіден

Саяси белсенді, тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайға Қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып қайта тағылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы оның зайыбы, журналист Инга Иманбай мәлім етті.

“Бүгін сотта прокуратура Жанболат Мамайға жаңа айыптау актісін оқып, оған Қаңтарда «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген ауыр бапты ілді. Естеріңізде болса, Демпартия жетекшісіне бұл бап оның алдында да тағылған еді. Алайда халықаралық ұйымдардың қысымынан соң, ішкі наразылықтан кейін билік бұл райынан қайтып, «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру» бабын заңсыз митинг ұйымдастыруға ауыстырған еді. Енді міне, сол «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» бабын қайта жапсырып отыр”, – деп жазды журналист желідегі парақшасында.

Инга Иманбайдың сөзінще, бұл – Жанболат Мамайға қарсы жасалып отырған саяси астары бар қудалау.

“Міне, он бір айдан асты, оған қылмыстық кодекстің түрлі баптарын ілді, бірін алып тастады, енді бірін қайтарып отыр. Жанболаттың жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға еш қатысы жоқ. Оның барлық сөздері, қимыл әрекеті тікелей эфирде көрсетілді, елдің алдында жүрді өзі де. Біз барлық халықаралық ұйымдар мен Батыс демократияларының үкіметін, журналистер мен құқық қорғаушыларды Жанболат Мамайға қарсы жасалып отырған заңсыздыққа назар аударуға шақырамыз”, – деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жанболат Мамайдың үстінен қозғалған істі зерттеу үшін Қазақстанға келген британдық комиссия мүшелері ел билігін сынаған еді.

 

Серіктес жаңалықтары