×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Херсонда Ресей басқыншылары ашқан 20 азаптау түрмесі табылды

03.03.2023, 07:46
Херсонда Ресей басқыншылары ашқан 20 азаптау түрмесі табылды
The Guardian

Оккупация кезінде Херсонда адамдарды азаптаған кемінде 20 түрме құрылған. Оларды Ресей мемлекеттік деңгейде қаржыландырған. Бұл туралы Mobile Justice Team халықаралық заңгерлер тобына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Сарапшылар осы түрмелерден өткен мыңнан астам жергілікті тұрғыннан айғақ жинаған.

Топты басқаратын британ заңгері Уэйн Джордаш бұл түрмелерді «Ресей қаржыландыратын жаппай азаптау камералары кездейсоқ емес, украиналықтардың ұлттық және мәдени болмысын жоюға бағытталған нақты жоспардың бір бөлігі» деп атады.

Түрменің кейбірін Ресей әскерилері немесе ФСБ басқарса, басқаларын Херсон облысындағы немесе өзін-өзі мемлекет деп жариялаған «ДХР» және ЛХР»-ден шыққандар басқарған. Түрмелерді басқаруға қатысқандардың арасында Херсон облысы оккупация басқармасының басшысы Владимир Салдо да болғаны жазылады.

Түрмеге бірінші кезекте Украинаның мемлекеттік органдарына немесе азаматтық қоғамына қатысы бар адамдар — белсенділер, журналистер, мемлекеттік қызметкерлер және мұғалімдер түскен. Кейбірі телефонынан «украиншыл» материалдар табылғаны үшін ұсталған.

Азаптау камераларында адамдарды соққыға жыққан, электр тогымен ұрып, су тұншықтырған. Сондай-ақ тұтқындар ресейшіл ұрандарды, өлеңдер мен әндерді үйренуге және оқуға мәжбүр болған.

Еске салайық, Херсон 2022 жылдың 2 наурызы мен 11 қарашасы аралығында 8 ай бойы Ресей оккупациясында болды. Осы уақыт ішінде қаланың 400-ге жуық тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен.