Өткен жылдың желтоқсан айында Twitter табысы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға дерлік төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
Басылым инвесторлар үшін Twitter-дің ішкі пошталық тізімін алды. The Wall Street Journal хабарлауынша, әлеуметтік желі Илон Масктың бақылауына өткеннен кейін көптеген жарнама берушілер тұрақтандыруды күтіп, Twitter-мен ынтымақтастығын тоқтатқан.
Сонымен қатар, 2021 жылы жарнамадан түскен табыс Twitter кірісінің 90%-ын құраған. Ағымдағы жылдың 25 ақпанындағы жағдай бойынша бұрынғы 100 ірі жарнама берушінің 70-тен астамы компаниямен ынтымақтастықтан бас тартты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өткен жылдың қазанынан 25 қаңтарға дейін Twitter-дің ай сайынғы жарнамалық кірісі 60%-дан астамға, яғни 127 миллионнан 48 миллион долларға дейін төмендегені хабарланған болатын.
Ақпан айында миллиардер Илон Маск ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол клубының қожайыны болуы мүмкін екені белгілі болды.