×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Бүгін Алаш көсемі - Әлихан Бөкейхановтың туған күні

05.03.2023, 10:14
Бүгін Алаш көсемі - Әлихан Бөкейхановтың туған күні
Ашық дереккөз

Бүгін Алаштың көсемі, ұлт қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 157 жыл толды. 1937 жылы 27 қыркүйекте ол сотталып, ату жазасына кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Әлихан Бөкейхан мемлекет қайраткері ғана емес, Оксфорд, Кембриджде мойындалған қазақ ғалымы.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан   – даңқты қоғам және мемлекет қайраткері. Ол қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың  басындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық негізін қалаушы әрі жетекшісі, қазақтың «Алаш» атты тұңғыш саяси партиясының әрі Қазақ-қырғыз ұлттық-территориялық автономиясының атасы әрі төрағасы болды. 1917 жылдың желтоқсанында президенттік басқару тетігі бар шынайы демократиялық парламенттік республика ретінде дүниеге келіп, 1920 жылдың тамызына дейін жасаған Алаш автономиясы бүгінгі Қазақ елінің негізін, берік іргетасын қалап берді. Ә.Н. Бөкейхан - даңқты энциклопедист ғалым 2 жоғарғы білімі бойынша ормантанушы-ғалым, агроном әлі заңгер, табиғи дарыны бойынша тарихшы, экономист, этнограф, әдебиеттанушы, журналист әрі публицист, сондай-ақ жер пайдалану мен мал шаруашылығы бойынша теңдессіз маман болатын. Оның осы күнге дейін табылып, жинақталған ғылыми-публицисткалық мұрасы 15 томға жетті. 

1930-жылдардан Кеңес Одағы күйреген 1991 жылға дейін дерлік Ә.Н. Бөкейханның есімін атауға, оның өмірі мен сан қырлы қызметін зерттеуге қатаң тыйым салынды. Ал оның аса бай әрі өте мол саяси және ғылыми-публицистикалық мұрасы кітапханалар мен мұрағаттарда, оның ішінде КСРО КГБ-сы мен Қазақстан КГБ-сының мұрағаттарында көпшілік назарынан тасада шаң басып жатты. 

2016 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан етіп өзгертуге рұқсат берді. Астана мен Көкшетауда қайраткер атына көше берілді.

Сол  жылы Астанада Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған  салтанатты шара– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мерейтойлық естелік монета таныстырылды. Монетада жаңа технология мүмкіндігімен «Қазақ» газеті бейнеленген трафарет алғаш рет қолданылған.