×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ресей Қазақстан арқылы санкцияларды айналып өтті - Bloomberg

05.03.2023, 11:12
Ашық дереккөз

Америкалық Bloomberg басылымы Украинадағы соғысқа қажетті чиптер мен микросұлбалардың санкцияларды айналып өтіп, Ресейге жеткізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Bloomberg аты аталмаған жоғары лауазымды еуропалық дипломатқа сілтеме жасайды.

Ресей шектеулерден жалтарып жүрген елдердің қатарында басылым Қазақстанның да атын атады.

“Ресей Украинадағы соғысқа қажетті жартылай өткізгіштер мен басқа технологияларды қамтамасыз ету үшін Еуропалық Одақтың санкцияларын сәтті айналып өтіп жатқан сияқты.

Жалпы ресейлік импорт негізінен соғысқа дейінгі – 2020 жылға дейінгі деңгейге оралды және сауда деректерін талдау ЕО және басқа одақтас елдерде өндірілген озық микросұлбалар мен интегралдық схемалар Ресейге Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Қазақстан сияқты үшінші елдер арқылы жеткізілетінін көрсетеді», – деп жазды басылым

Еске салайық, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан өз аумағын санкцияларды айналып өту үшін пайдалануға жол бермейтінін мәлімдеген болатын.

Наурыздың 3-і күні Үндістанда Лавров «Ресей соғысты тоқтатуға тырысып жатыр» деп келемеждеді.

Серіктес жаңалықтары