×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Солтүстік Корея гипердыбысты зымыранды сынақтан өткізді

29.09.2021, 21:43
ашық дереккөз

Солтүстік Корея сейсенбіде «Хвасон-8» деп аталатын жаңа гипердыбысты зымыранды сынақтан өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

bbc.com-ның мәліметінше, бұл жаңа зымыран КХДР-дың бес жылдық әскери даму жоспарында көрсетілген жаңа қару-жарақ жүйесінің ең маңызды бес жүйесінің бірі болған. Мемлекеттік БАҚ-та зымыранның стратегиялық қару екені жазылған.  Бұл жағдайды Пхеньян қатаң санкцияларға қарамастан қару-жарақ технологиясын дамытуға қабілетті екендігінің тағы бір дәлелі ретінде қарастыруға болады.

«Хвасон-8» – соңғы айда ұшырылған үшінші зымыран. Бұған дейін жаңа қанатты зымыран мен баллистикалық зымыран сынақтан өткен болатын.

Зымыранды ұшырар кезде КХДР-ның БҰҰ-дағы өкілі Ким Сон Нью-Йоркте өткен Бас Ассамблеяның отырысында елдің қару-жарақ жасау құқығын қорғап, сөз сөйледі.

Оның айтуынша, Солтүстік Корея өзін қорғау және елдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті сенімді қамтамасыз ету үшін өзінің ұлттық қорғанысын күшейтеді.

Серіктес жаңалықтары