×
$
454.98
€
509.53
₽
5.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.98
€
509.53
₽
5.37

Алматы облысында мешіт ұстазы жасөспірімдерді ұрған

Бүгін, 16:40
Алматы облысында мешіт ұстазы жасөспірімдерді ұрған
Видеодан алынған кадр

Алматы облысында мешіт ұстазы жасөспірімдерге күш қолданған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Оқиға маусым айының басында Қарасай ауданындағы «Түркістан-1» мешітінде өткен «Имани жаз» жазғы діни сауаттылық курсы кезінде болған. Алайда видеожазба әлеуметтік желілерде енді ғана тараған.

Кадрларда ұстаздың сыныпта отырған балаларға ескерту жасап, тәртіпке шақырып жатқаны көрінеді. Ер адам олардың кейбірін ұрған.

Видео жарияланғаннан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғаның мешітте өткен жазғы сабақ кезінде болғанын растады.

Ұстаз өз қателігін мойындады

ҚМДБ мәліметінше, ер адам балалардың тәртібін реттеуге тырысқан, алайда эмоциясын ұстай алмай, педагогикалық талаптарға сай келмейтін әрекетке жол берген.

Оқиғадан кейін мешітте тексеру жүргізілді. Ұстаз өз қателігін мойындап, өкініп, жасөспірімдердің ата-анасынан кешірім сұрады.

Ол мешіттегі ұстаздық қызметінен босатылды.

ҚМДБ мәліметінше, балалардың ата-аналары болған жағдайға байланысты ешқандай шағымы мен наразылығы жоқ екенін жазбаша түрде растаған.