ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Екі ел арасында өзара сауда жақсы дамып келеді. Сонымен қатар, транзиттік әлеует пен мәдени байланыстарымыз жоғары деңгейде. Сондықтан аталған кездесудің Қазақстанның басқа қалаларында емес, нақты Шымкентте өтуі көңілге қонымды», - деді А. Смадияров ведомствода өткен апталық брифингте.
Осы орайда мемлекет басшылары кездесіп, екі елге қатысты тақырыптарды емін-еркін талқылауы өте маңызды екенін айтты.
«Орталық Азиядағы елдердің басшылары кез келген уақытта кездесіп, бауырлас халықтар ретінде кейбір мәселелерді емін-еркін тақылауы қуантарлық жағдай», - деді ресми өкіл.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді.