×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматыда феминистердің зорлық-зомбылыққа қарсы митингі өтті

08.03.2023, 15:25
Ашық дереккөз

Алматыдағы Ганди саябағында феминистер шеруі өтіп жатыр, оған кемінде 500 қатысушы жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Митинг Алматы қаласы әкімдігімен келісілді. Алғашында феминистер былтырғыдай шеру ұйымдастырмақ болған. Алайда билік бұған рұқсат бермеген.

Әлеуметтік желілерде олар оқиға орнына кемінде 500 адам жиналғанын, ал митингінің өзі белсенділердің сексуалдық зорлық-зомбылық тақырыбындағы баяндамасынан басталғанын жазуда. Сондай-ақ, келгендер былтыр зорлаушылардың қолынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Митингке плакаттар, ұрандармен қыздар мен жігіттер шықты. Олар отбасындағы зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды, зорлаушыларды жазалауды және әйелдер құқығын сақтауды талап етnі.

Полиция қызметкерлері кезекшілікте, митинг тыныш өтіп жатыр.

20 ақпанда фембелсенділер биліктен 8 наурыздағы шеруді үйлестіруге міндеттеуді талап етіп, сотқа шағым түсірді.

Еске салайық, 2022 жылдың желтоқсанында Алматы әкімдігі әйелдер белсенділеріне 8 наурызда әйелдер шеруін өткізуге рұқсат бермеген болатын. Биліктің бас тартуына Еріктілер Лигасының іс-шаралар өткізуі себеп болды. Қазақстанда 2017 жылдан бері 8 наурызда әйелдер құқығы үшін шерулер мен митингілер өтіп келеді.

Ақпанның 5-і күні Алматыда әйелдердің бейбіт жиналысқа қатысу құқығын қорғау акциясы өтті.

Серіктес жаңалықтары