×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ президенті шұғыл мәлімдеме жасады

13.03.2023, 18:56
АҚШ президенті шұғыл мәлімдеме жасады
Ашық дереккөз

АҚШ Президенті Джо Байден 13 наурызда банк дағдарысына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ Президенті Джо Байден Америка азаматтарын АҚШ банк жүйесіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп сендірді. Ол барлық депозиттер кез келген жағдайда қолжетімді екенін және банкрот банктердің басшылары жұмыстан шығарылатынын атап өтті.

"Америкалықтар АҚШ-тың банк жүйесінің қауіпсіздігі үшін еш алаңдамаса болады. Ал банкротқа ұшыраған банктердің басшылығы жұмыстан шығарылады", - деді Джо Байден банк дағдарысына байланысты жасаған шұғыл мәлімдемесінде.

Байден орын алған мәселеге байланысты салық төлеушілер шығынға ұшырамайтынын да жеткізді. 

Бұған дейін АҚШ-тағы ең ірі банктердің бірі - Silicon Valley Bank, сондай-ақ Signature bank банкроттыққа ұшырағаны белгілі болған.

Сондай-ақ АҚШ-тың реттеуші органы банкроттық салдарының алдын алу үшін Силикон алқабындағы банктің барлық салымшыларын қорғайтыны хабарланған еді.