Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың дауыс беруі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2023 жылғы 19 наурызда сағат 10:10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21%-ы бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12:10-да, 14:10-да, 16:10-да, 18:10-да және 20:10-да берілетін болады. Азаматтардың учаскелерге келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22:10-да беріледі.
19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.