Жәшікке бірнеше бюллетенді тоғытқан видеоны Facebook әлеуметтік желісінде Дина Елгезек пен Ержан Шайжан жариялаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жоғарыда аталған адамдар жариялаған жазбаларға байланысты Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы келесіні хабарлайды.
««Id Senim R» медициналық орталығының ғимаратында орналасқан Қарасай ауданының №455 сайлау учаскесінде сайлау бюллетеньдерін салғаны үшін учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы және комиссия мүшесі өз міндеттерінен шеттетілді»