×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Сайлау-2023: Дауыс берушілер саны соңғы 19 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды

20.03.2023, 08:53
фото: ашық дереккөзден

19 наурызда Қазақстанда өткен Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлада ел тұрғындарының белсенділігі тарихтағы ең төмен көрсеткіштердің бірі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Sailau2023 Telegram-арнасының жазуынша, Қазақстандағы парламенттік сайлау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш 1995 жылы болды.Ол кезде сайлаушылардың 79,8%-ы өз таңдауын жасаған.

Ең төменгі нәтиже 2004 жылы тіркелді – сайлаушылардың небары 45,2%-ы дауыс берді.

Осыдан кейінгі жылдары өткен сайлауларда халықтың учаскелерге келу көрсеткіші 2016 жылға дейін өсе бастаған. Алайда биылғы сайлаудың нәтижесі тарихтағы ең төменгі көрсеткіштен алысқа ұзай қойған жоқ. Кеше сайлаушылардың небары 54,19-ы өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының exit poll нәтижесі бойынша ең көп дауыс Аманатта - 53,46%, ең аз дауыс Байтақ партиясында - 3,22%.

Серіктес жаңалықтары