×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Медведев: Гаагадағы сот ғимаратына Оникс зымыранымен тура соққы жасай аламыз

20.03.2023, 13:29
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев «Гагада сот ғимаратында ресейлік кемемен Солтүстік теңізден «Оникс» гипер дыбыстық зымыранын тура тигізуге болады» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол өзінің телеграм-каналында «халықаралық құқық жүйесі түпкілікті күйреді» деп пікір білдіріп, «халықаралық жария құқық жүйесінің басты кемшілігі оның тиімсіздігі» екеніне назар аударды. Сондықтан Медведев: «Мемлекеттер БҰҰ Бас Ассамблеясының бейтарап актілерін, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің вето шешімдерін орындағысы келмейді, БҰҰ-ның әртүрлі институттарынан шығып кетіп жатыр» дейді.

«Ең ірі мемлекеттер қосылмаған Рим статутының негізінде құрылған мына бір босқа, пайдасыз Халықаралық қылмыстық сотты алайық. Ол кімді жауапқа тартты? Ешкім танымайтын отыз шақты адамды. Судан президенті бұл айыптауларға түкірді. Басқаша айтқанда, олардың тиімділігі нөлге тең. Бұлар арнайы құрылған Нюрнберг және Токио трибуналдары емес. Немесе тіпті Югославия үшін күмәнді трибунал. Түсінікті», - дейді ол.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің балалар құқығы жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы қамауға алуға ордер берген еді.

Серіктес жаңалықтары