×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

ОСК төрағасы журналистердің сұрағына жауап бермей, залдан шығып кетті

20.03.2023, 18:50
Фото: Скриншот

Сайлау қорытындысын жариялағаннан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров «шет елдерден келген қонақтарды шығарып салу керек» деп, журналистердің сұрағына жауап бермей, залдан шығып, лифтке кіріп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нұрлан Әбдіров мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялағаннан кейін журналистер оған сұрақ қоймақ болған. Алайда шет елдерден келген қатысушылармен лифтке бірге кіруге асыққан ол бірде-бір сұраққа жауап бермеді.

«Нұрлан мырза, журналистердің сұрағына жауап бермейсіз бе?»

«Сұраққа жауап беру жөн деп есептемейсіз бе?»

Бірнеше сұрақ қойылғанымен Әбдіров «бізде кездесу болып жатыр» деп лифтке кіріп кетті.

Серіктес жаңалықтары