×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Алматыдан 360 шақырым қашықтықта жер сілкінді

21.03.2023, 12:30
Ашық дереккөз

Сейсмологтар сағат 00:38-де Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі мамандарының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3.

MPV магнитудасы 5,1.

Эпицентр координаттары 44,22° солтүстік 81,15°Ш

Тереңдігі 15 км.

Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ

Бұған дейін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 591 шақырым жерде Тәжікстан аумағында жерасты дүмпулері болған. Сейсмологтардың мәліметінше, тербелістер 2023 жылдың 19 наурызында Астана уақыты бойынша сағат 23:07-де болған. Алматы аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары