×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Францияда 3,5 млн адам ереуілдетті: жүздеген полицей жарақат алды, мэрия өртенді

24.03.2023, 10:06
фото: ашық дереккөзден

Францияда наразылық білдірушілер әйгілі Бордо қаласы мэриясының ғимаратын өртеп жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Франция тұрғындары зейнет жасын көтеру туралы жаңа реформаға қарсы ереуілдетті.

Парламент мақұлдамаған заңды 16 наурызда елдің премьер-министрі Элизабет Борн қабылдады. 

23 наурызда Францияның бірнеше ірі қаласында жаппай наразылықтар болды.ІІМ мәліметінше, көшеге миллиондаған адам шыққан. Ал "Жалпы еңбек конфедерациясы" кәсіподағының дерегі бойынша ереуілге 3,5 миллион адам қатысты.

Наразылықтар кезінде 150 полиция қызметкері жарақат алды. Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің айтуынша, адамдар тәртіп сақшыларына Молотов коктейльдерін, тас және қолына түскеннің бәрін лақтырған. Сонымен қатар, оның сөзінше, Францияның солтүстік-батысындағы Лорьян қаласында наразылық білдірушілер полиция бөлімшесін өртеп жіберген.

Ал Бордо қаласында белгісіз адамдар мэрия ғимаратын өртеп жіберді. 

Парижде ереуілшілер елдің қаржы нарығының "үлкен төрттігіне" кіретін BNP банкінің филиалына өрт қойды. Күштік құрылымдар тәртіпсіздікке қатысушыларды жаппай ұстауды бастады.

Серіктес жаңалықтары