×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Ел өңірлерінде дизель отынының бағасы қанша

24.03.2023, 14:46
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросы жазғы дизель отынының өңірлердегі бағасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпан айында жазғы дизель отынының 1 литрінің орташа бағасы 241 теңгені құрады.

Өңірлік тұрғыда жоғары баға Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Семей және Петропавл қалаларында тіркелді, онда жанармайдың бір литрі орта есеппен 260 теңге тұрады.

Өзге өңірлерде жазғы дизель отынының литрі 230-240 теңге аралығында сатылып жатыр.

«Айта кетейік, қыстық дизель отынының ақпандағы бағасы – литрі үшін 630 теңге», - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ресей Қазақстанға 850 мың тоннаға жуық дизель отынын жеткізетіні хабарланған.

Серіктес жаңалықтары