×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Алматыда мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы шықты

24.03.2023, 15:21
фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласы мәслихаты сайлауының қорытындыларына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауыстар мынадай болып бөлінді: сайлаушылардың 51,94 % «Amanat» партиясына дауыс берді, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2,83 % дауысқа ие болды. «Respublica» партиясы сайлаушылардың 13,15 % дауысын алды, «Қазақстан халық» партиясы 13, 22% Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 7,97 % және «Ақ жол» партиясы 5,23 % дауыс алды.

Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықованың айтуынша, «Amanat» партияся 12 депутаттық мандат алды, «Respublica» мен «Қазақстан халық» партиясы әрқайсысы 3 мандаттан алды. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2 мандат, Ал «Ақ жол» партиясы 1 мандатқа ие болды.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

Бұдан бұрын Санжар Боқаев бастаған тәуелсіз кандидаттар Тоқаевқа жүгініп, сайлау нәтижелерін жоюды талап еткен.

Серіктес жаңалықтары