×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстаннан безген қылмыскерлердің көбі қай елдерде жасырынып жүргені анықталды

27.03.2023, 09:31
Қазақстаннан безген қылмыскерлердің көбі қай елдерде жасырынып жүргені анықталды
фото: ашық дереккөзден

Соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыстар жасады деген күдікпен 3000-нан астам адамды іздеу жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, шет мемлекеттерде 500 адам ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

“Қазір 2500-ден астам адам іздеуде жүр. Негізінен ішкі істер органдарының желісі бойынша, алаяқтық жасағаны үшін 400, ұрлық үшін 250 тұлға іздеуде. Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген 400 күдіктінің 250-і іздеу жарияланғаннан кейін ұсталды”, – делінген хабарламада.

Қылмыс жасаған 600 күдіктінің жүрген жері анықталған, олардың көпшілігі Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркия Республикасында, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Қырғыз Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Украинада жасырынып жүр. 

“Биыл қоғамдық резонанс тудырған қылмыс жасады деген 6 күдікті ұсталды (4 - кісі өлтіру бойынша, 2-қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін). Қалған тұлғалар бойынша басқа елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде”, – деп мәлім етті Бас прокуратура.