×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Рыбакина жас теннисшілерге 2,5 млн теңгеден үлестірді

27.03.2023, 10:16
Қазақстан теннис федерациясы

Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина еліміздің жас теннисшілеріне қолдау көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Елена Рыбакина «Уимблдон-2022» жеңісінен кейін жүлде қаражатының бір бөлігі отандық жас теннисшілерді қолдауға бағытталатынына уәде берді.

«Менің ойымша, жас теннисшілер арасында турнир ұйымдастырып оларға гранттар тағайындау дұрыс болар еді. Өйткені, мен бір кездері Қазақстаннан үлкен қолдау таптым. Енді жас ұрпақтың дамуына көмектесу менің кезегім»,- деген еді спортшы.

Рыбакина сол уәдесін орындады. Ол жас теннисшілерді өзі таңдап, нәтижесінде 14 ойыншы 2,5 млн теңгеден алды. Олардың қатарында Линара Бөлешева, Полина Барабанова, Амина Нұрахан, Ариана Гогулина, Сатима Төреген, Ева Карышева, Альбина Кәкенова, Аружан Арыстанбекова, Дана Байдәулет, Іңкәр Дүйсебай, Айя Нүпбай, Полина Слепцова, Сандуғаш Кенжебаева және Зара Даркен бар.

Серіктес жаңалықтары