×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Алматы маңында тағы жер сілкінді

30.03.2023, 09:54
фото: ашық дереккөзден

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 30 наурызда сағат 08:22-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 580 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы – 4.1. Эпиорталық координаттары – 40.75° с.е. және 83.07° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын оңтүстік астанаға жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов Түркия мен Сирияда орын алған қайғылы оқиға Қазақстанға, әсіресе Алматыға үлкен сабақ болуы керектігін айтып, қада әкімдігіне сейсмикалық қауіпсіздік шараларын күшейтуді міндеттеді.

Бұдан бұрын ТЖМ жер сілкінісі болса, Алматыдағы үйлердің 30%-ы жермен-жексен болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Соңғы уақытта қала маңында жер сілкіністері жиіледі. Мәселен, 23 наурызда сағат 8:53-те Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 723 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,5, магнитудасы MPV 5,1 болды.

Ал 21 наурызда мамандар Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Серіктес жаңалықтары