×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Жер сілкінісі болса, Алматыдағы үйлердің 30%-ы жермен-жексен болуы мүмкін

23.02.2023, 13:43
Коллаж: Ulysmedia.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде министрдің орынбасарына «Алматыда жер сілкінсе, қаланың 60-70 пайызы қирайды деген пікірмен келісесіз бе?» деген сауал қойылды.

Күлшімбаев ұсынған ресми болжам бейресми долбардан алшақтау болып шықты.

«Алматының республикамыздағы ең бір сейсмикалық қауіпті өңірлердің бірі екені туралы пікрілермен келісемін. Қала 27 қауіпті техногендік плитаның қосындысында орналасқан. Бұл негізінен қаланың таулы аудандары. Өзгелеріне қарағанда барынша қауіпсіз аудан – Түріксіб ауданы. Қалған Медеу, бостандық аудандары, басқалары да плиталардың қосындысында орналасқан. Бұл орындарда қауіп айтарлықтай жоғары. Жер сілкінісі бола қалса, қаланың 60-70 пайызы қирандыға айналады деген пікірмен келісе алмаймын. Бірақ болжау деректері бойынша, 9 және одан да жоғары апаттық зілзала болған жағдайда тұрғын ғимараттары 30% дейін қирауы мүмкін. Осыдан-ақ қандай шығын келетінін есептеуге болады», - деді Ибрагим Күлшімбаев.

Айта кетейік, бүгін Тәжікстанда болған қуатты жер сілкісіні Алматыда сезілді.

Серіктес жаңалықтары