×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Оңтүстік Кореяда қазақтарды жұмыстан шығара бастады

31.03.2023, 09:46
Оңтүстік Кореяда қазақтарды жұмыстан шығара бастады
Фото әлеуметтік желіден

Оған таяуда екі қазақстандықтың Инчхон әуежайынан қашқаны себеп болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл жастарымыздың жасаған қылмыстары Кореяда қоғамдық резонанс тудырды 2 күннің ішінде 23 отандасымызды қазақстандық болғаны үшін завот бастықтарын жұмыстан шығарып жіберген. Бұл тұралы отандастарымыз @korea_komek ватсап желісіне хабарлады», - деп жазады @korea_komek парақшасы.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі ұсталғаны  хабарланған болатын. Келтірілген ақпаратқа сүйенсек, Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев екені айтылады. Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандасымызға іздеу жарияланғанын мәлім етті.

Оңтүстік Корея билігі іздеудегі қазақстандықты ұстап берген адамға 10 млн теңге сыйақы берілетінін жариялаған.

29 наурызда Нұрсұлтан Ырысбаевтың полицияға өз еркімен берілгені белгілі болды.