×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Грузияда Саакашвили ұсталды

02.10.2021, 00:59
Фото: ашық дереккөз

Грузияда елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвили ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ria.ru-дың мәліметінше, елдің бұрынғы президенті ұсталғаны туралы мемлекеттің премьер-министрі Ираклий Гарибашвили хабарлаған.

«Біздің құқық қорғау органдары қызметкерлерінде оның Украинадан Грузияға дейінгі қозғалысы туралы алдын ала ақпарат болды», - деп жазды ол.

Қазір Саакашвили Тбилиси маңындағы Рустави түрмесінде. Грузия прокуратурасы шекарадан заңсыз өту фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

Михаил Саакашвили бұған дейін қазан айында жергілікті сайлау алдында Грузияға қайтып келетінін жазған болатын.

Грузияның үшінші президентіне бірнеше бап бойынша айып тағылған. Солардың бірі – бойынша ол лауазымын асыра пайдалану.

 

Серіктес жаңалықтары