×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Сайлауда әкімшілік ресурсты қолдануды заң жүзінде тоқтату керек - Лұқпан Ахмедияров

01.04.2023, 10:08
Ашық дереккөз

Лұқпан Ахмедияров сайлауда әкімшілік ресурсты қолдануды заң жүзінде тоқтату керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналист, мәжіліс депутаттығына кандидат болған Лұқпан Ахмедияров Алматыда сайлаудан кейін құрылған “халық парламентінің” жиынында ююджет қызметкерлерін сайлау комиссиялары жұмысынан алшақтатуға мүмкіндік беретін норма енгізу керектігін мәлімдеді.

Оны заңнама негізінде бекіту керек деп есептейді.

«Менің айтарым – жиналғандар болашақта осы әкімшілік ресурсты қалай тоқтатуға болатынын көтеру керек. Әкімшіліктерді, мұғалімдерді пайдаланды. Меніңше, ең біріншіден, кандидаттардың мақсаты – заңды өзгерту болуы керек», - дейді ол.

Бүгін Алматыда сайлаудан кейін құрылған “Халық парламентінің” жиыны өтіп жатыр. Оған сайлау нәтижесінің бұрмаланғанын айтқан белсенділер мен журналистер Рысбек Сәрсенбей, Лұқпан Ахмедияров, Инга Иманбай, Мұхтар Тайжан, Санжар Боқаев, Арайлым Назарова және өзге кандидаттар қатысуда.

Серіктес жаңалықтары