Бұл туралы ІІМ мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы № 3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
Бұдан бұрын қаңтар оқиғасына байланысты істі болған шенді елден қашып кеткені хабарланған.