×
481.68
522.48
5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.68
522.48
5

Қазақстан жылқы етінің импортын арттырды

04.04.2023, 13:42
Қазақстан жылқы етінің импортын арттырды
фото: ашық дереккөзден

2022 жылы елімізде 157,1 мың тонна жылқы еті өндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артық.

Өндіріс көбейген сайын импорт көлемі де өсті.

Мәселен, өткен жылдың 12 айында 3,6 мың тонна жылқы еті әкелінсе, 2021 жылы 2,4 мың тонна импортталған.

Осылайша, өсім - 50,2 пайызға жетті.