×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

600 мың теңге пара алған мектеп директоры 18 млн теңге айыппұл арқалады

04.04.2023, 18:58
Ашық дереккөз

Ақтөбе облысында 600 мың теңге көлемінде пара алған мектеп директоры сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол бұл сомаға пара берушінің әйелін лаборант ретінде мектепке жұмысқа алған. Бұл қылмыстық істі Шалқар аудандық соты қарады.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, дәлелдемелерді жоққа шығарған жоқ.

"Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін, кінәсін мойындауын, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді түрде үлес қосуын, ерікті түрде залалды өтеуін, асырауында жас балаларының болуын таныды", – деп жазды Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни, 18 000 000 теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сотпен Ақтөбе облысы білім басқармасының басшылығына жеке қаулы шығарылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары