×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Forbes-қа кіретін Клебанов неліктен иелігіндегі ЖЭО-ны тоздырып жіберді – Сатқалиевке сұрақ қойылды

05.04.2023, 16:10
Фото: Ulysmedia.kz

Алмасадам Сатқалиев энергетика министрі болғалы бүгін бірінші рет журналистердің сұрағына жауап берді. Тілшілер одан көбінесе жылу мәселесін, Екібастұздағы жылу орталығының күйін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен бұл жерде энергиялық нысандардың басшылары туралы айтпас едім. Өйткені олар әртүрлі болуы мүмкін. Мен министр ретінде жалпы айтайын. Петропавлдағы жағдай дәл сондай. Мұның бәріне жинақталып қалған созылмалы проблемалар себеп болған. Қазір оларды шұғыл түрде шешу керек», - деді ол.

Сатқалиев «кейбір жерде жергілікті атқарушы органдардың, кейбір тұста менеджменттің кінәсі немесе басқа жерде бақылаудың болмауы мүмкін» екенін жеткізді. Айтуынша, бұл фактор тек Павлодар облысына ғана тән емес.

«Жалпы айтарлықтай үлкен мәселе» деп айта берген тұста журналистер Сатқалиевке «сіз ылғи жауаптан жалтарып кетесіз, осы күнге дейін Клебанов өз қалтасынан жылу орталығына қанша қаражат салады?» деп сұраған. Бірақ Сатқалиев «сіз қанша қаласаңыз, сонша салынуы керектігін талап ете аласыз» деп сұраққа ысыра жауап берді. Екібастұзға күндердің күнінде баратынын, барлық өңірге баратынын айтып құтылмақ болды. «Бәрін өз көзіммен көргім келеді» дейді ол.

Ал жылу электр орталығын мемлекетке қайтару шарасын Сатқалиев «ең соңғы қадам» деп атады.

Сатқалиевтің айтуынша, еліміздегі қалалардағы жылу жүйелерін жөндеуге байланысты Қазақстанда жылу тарифтері кемінде 25 пайызға көтерілуі мүмкін. Максималды өсу - меншік иелерінің жылумен жабдықтау жүйелерін қайта құруға салған инвестицияларының көлеміне байланысты болады. 

Серіктес жаңалықтары