×
448.81
476.82
4.77
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.81
476.82
4.77

Қостанай облысындағы тасқын су кірген ауылдың ахуалы қандай

05.04.2023, 18:57
Ашық дереккөз

Тасқын су кірген Қостанай облысының Қарамырза ауылында төтенше жағдаймен күрес жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Карамырза ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Тінтуір өзенінің деңгейін және еріген қар суын бақылайтын 2 бекет қойылды. Жергілікті атқарушы органдар департамент қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен бірлесіп инертті материал салынған қаптарды дайындауда. Аулаларды аралау және халықпен профилактикалық әңгімесу ұйымдастырылды», - делінген министрлік мәліметінде.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қарасу ауданындағы Тінтуір өзенінде су 23 сантиметрге көтерілді. Алты-жеті сағатта су Қарамырза ауылына жетті, ал сағат 24:00-де су деңгейі көтеріліп, салдарынан тұрғын үйлер мен аула аумақтарды су басты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар халықты су басу аймағынан алдын ала эвакуациялады. 23 адам өз қалауы бойынша көрші көшелерде тұратын туыстарына орналастырылды.

Тасқын сумен күреске ТЖД күштері мен құралдарынан 25 адам мен 6 техника, 3 жүзу құралы және 14 мотопомпа жұмылдырылды.

«Су тасқыны жағдайы бақылауда. Жедел іс-қимылдардың арқасында 2023 жылғы 4 сәуірде кешке Железнодорожное ауылында екі пәтерлі 6 үйдегі еріген қар суы сорылды. 33 тұрғын өз үйлеріне оралды, үй-жайларды желдету және кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сағат 23.00-де тұрғын үйлердің жертөлелерінен су сору-айдау жұмыстары аяқталды. Жалпы 5 мың текше метр көлемінде су сорылды.

Өткен тәулікте барлығы 53 мыңнан астам текше метр су сорылды, инертті материал салынған 400 дана қап төселді.

Халыққа тұщы су беруді қалпына келтіру үшін Железнодорожное ауылының сорғы станциясынан су сору жұмыстары жалғасуда», - делінген министрлік ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары