Энергетика министрлігі Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтердің қалай күрт өсетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министр Алмасадам Сәтқалиев тарифті көтеру кезінде жеке тәсіл қолданылатынын мәлімдеді.
Ол тарифтер «кем дегенде 25%-ға» көтерілетінін атап өтті.
«Ал жоғарғы шегі үкімет реттейтін инвестиция көлеміне байланысты. Бірақ өсу бірден болмайды», - деді министр.
Электр қуатына келетін болсақ, Сәтқалиев атап өткендей, барлығы инвестицияның шамасына қарай өзгереді.
«Тұрғындар бірнәрсені түсінуі керек: не электр энергиясы біршама қымбаттайды, не біз тағы да Екібастұздағы төтенше оқиғаға тап боламыз», - деді ол.
Еске салайық, екібастұздықтар Клебановқа тиесілі ЖЭО-дағы апат салдарынан қыс бойы жылусыз отырды.