×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

3-6 жылға сотталуы мүмкін: Өзбекстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

06.04.2023, 08:09
3-6 жылға сотталуы мүмкін: Өзбекстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес, еліміздің аумағынан мұнай өнімдерін көлікпен алып шығуға 6 айға тыйым салынған. Алайда Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекара бекеттері арқылы заңсыз мұнай өнімдерін тасымалдаудың 94 дерегін анықталыпты.

Қолданыстағы заңға сәйкес, шетел азаматтарына 450 теңгеден 300 литрден артық сатуға тыйым салынған. Заңды белден басқан кейбір кәсіпкерлер көрші елдің азаматтарына жанармайды қазақстандық бағамен және артығымен саудалағаны дәлелденді. Қазір осы іс бойынша тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.

Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ерлан Дәуреновтың сөзінше, заңсыз жанар-жағармай алып өту ҚР ҚК 197-бабында көрсетілген. Егер де тасымалдаушы мұнай өнімдерінің нақты құжаты болмаса, 40 күнге дейін қамауға алынады. Егер де залал мөлшері көп болса, 3-тен 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ұйымдасқан қылмыстық топ болса, одан да көп мерзім көрсетілген.

Айта кетейік, бұдан бұрын премьер-министр елде жанармай тапшылығының тууына көрші елдерге заңсыз әкету деректерінің көбейгені себеп болып отырғанын айтқан