×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бұрынғы вице-министр Шкарупа Қаржы министрлігінен 10 млн теңге өндіріп алды

06.04.2023, 10:29
Бұрынғы вице-министр Шкарупа Қаржы министрлігінен 10 млн теңге өндіріп алды
Фото: Ашық дереккөзден

Астана қаласының аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап арызы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана соттарының Facebook парақшасындағы мәліметке сүйенсек, талапкер сот үкімімен қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеуіне байланысты кінәсіз деп танылған. Сонымен қатар аталған үкімде ақталған талапкердің қылмыстық істі жүргізген органның заңсыз іс-әрекетінен келген зиянды өндіріп алу құқығы көрсетілген.

А.Шкарупа 2018 жылы Бас прокуратураның жедел тергеу тобымен ұсталып, тергеу сотының санкциясымен тергеу изоляторына қамалған еді.

2021 жылдың 26 қаңтарында Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты А.Шкарупаны Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-тармағы 2-тармақшасында көделген қылмысты жасауға кінәлі емес деп танып, қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ақтаған.

Сол жылы ақпанда Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші саты үкімін өзгеріссіз қалдырды.

«Сот талапты жартылай қанағаттандырды. Қаржы министрлігінен 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндіріп алынады», - делінген таратылған ақпаратта.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, 2018 жылы Бас прокуратура Энергетика вице-министрі болған Анатолий Шкарупаның үстінен қылмыстық іс қозғады. Шенеунікке 215 млн теңгені жымқырды деген айып тағылды. Ол кезде Бас прокурор қызметін Қайрат Қожамжаров атқарды.

2021 жылдың 26 ақпанында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты Анатолий Шкарупаны ақтады.